Қазалыда «Әнші балапан» байқауы өтті

Қазалыда «Әнші балапан» байқауы өттіҚазалы. Ауданында өнерлі өрендердің талантын шыңдау, шығармашыл жас буынды елге таныстыру мақсатында «Әнші балапан» байқауы өткізілді. Сайысқа 40-тан аса талапкер қатысты. 
Нәтижесінде 4-7 жас ерекшелігі бойынша бірінші орынды «Ақбота» балабақшасының тәрбиеленушісі Төлехан Дәулет алды. 7-9 жас ерекшелігі бойынша бірінші орынға №216 мектептің оқушысы Ағыбай Жаннұр лайықты деп танылды. Жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен бірге, байқауға қатысқан бір топ дарынды өнерпаздар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 сәуір 2014 г. 8 079 0