
Бүгіннен бастап Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы «түнгі» үш Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалыпты режімге ауысады.
Олар енді дүйсенбі мен жұма аралығында таңғы 09.00-ден кешкі 20.00-ге дейін үзіліссіз жұмыс жасайды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының сайты хабарлайды. Еске салайық, 00.00-ге дейін сынақ режімде жұмыс жасайтын фронт-кеңселер Астана қаласының №2 Есіл аудандық бөлімінде, Алматы қаласының №1 Әуезов аудандық бөлімінде және Шымкент қаласының №5 бөлімінде жұмыс жасаған еді.