
Профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты елдегі бірқатар мемлекеттік орган мен электронды үкімет сайты уақытша жұмыс істемейді, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ға сілтеме жасап.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ телекоммуникациялық жабдықтарда жоспарлы профилактикалық жұмыстарды жүргізуге байланысты 4 тамыз күні кешкі сағат 21:00-ден бастап 5 тамыз күні таңғы сағат 09:00-ге дейін бірқатар интернет-ресурс пайдаланушы үшін қолжетімсіз болатыны жөнінде ескертеді», - деп жазылған хабарламада.
Негізінен, Ұлттық куәландырушы орталықтың интернет-ресурсына, электронды үкімет порталына, «Е-лицензиялау», порталына, электронды үкіметтің төлем шлюзіне, Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе сайттарына қатысты болып отыр.
Сонымен қатар, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, ҚР Техникалық бақылаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, сондай-ақ, ҚР Жоғарғы сотының интернет-ресурстары да жұмысын уақытша тоқтатады.