Бос шөлмектен сарай тұрғызды

Бос шөлмектен сарай тұрғызды Қазалы. Ауданымызда Бақберген Қайыпназаров 2010 жылы 14 000 дана бос шөлмектен екі бөлмелі сарай тұрғызған. 
Он саусағынан өнер тамған ағамыз әуелгіде күнкөріс үшін шыны жинап сатқан екен. Кейін шынылары өтпей үй жағында тау болып жиналып қалғандықтан, сарай салу ойға келеді де, оны бір жылда салып бітеді. Айта кететін ерекшелігі, өздеріңіз көріп отырғандай сарайдың ішкі бетіне кіргенде сырттан түскен күн сәулесінен қабырғалардан жазулар шығады. Яғни, «ЭКСПО-2010 Қазақстан», «Әке – асқар тау», «Жұмақ – ананың қолында» деген жазуларды оқуға болады. Ағамыз алдағы уақытта бұл сарайдың ішіне станок орнатқысы келеді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2014 г. 819 0