Тіл – барлық білімнің кілті

Тіл – барлық білімнің кілтіШиелі. Ауданда «Тіл – барлық білімнің кілті» атты орыс тілі білгірлерінің аудандық байқауы өткізілді. 
Бұл шара дарынды жастарды анықтау және қолдау, мәдениетаралық қарым-қатынаста олардың белсенді азаматтық ұстанымы мен ұлттық дүниетанымын қалыптастыруға бағытталған. Шығармашылық бастамасын іске асыру, шешендік өнерді дамыту, сөйлеу мәдениетін арттыру мақсатында қазақ тілінде оқитын жастар арасында ұйымдастырылды. Байқауға қатысушылар бірінші кезең (тест), екінші кезең (жазбаша бөлім,ауызша бөлім),үшінші кезең (үй тапсырмасы) бойынша шарттарды орындап, өзара тартысқа түсті. Байқау нәтижесі бойынша ерекше алғырлығымен оза шауып бас жүлдені №45 «Ақ Орда» мектеп гимназиясының 10 сынып оқушысы Альмира Оразбай иемденді. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2014 г. 905 0