Еркін күрестен Азия ойындарына қатысатын балуандар анықталды

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бас бапкері Әсет Серікбаев жазғы Азия ойындарына қатысатын балуандардың есімін жариялады. 

57 кг – Жандос Исмаилов (Алматы облысы)

 65 кг – Саятбек Оқасов (Павлодар облысы)

 74 кг – Данияр Қайсанов (ШҚО)

86 кг – Әділет Дауламбаев (Алматы қ.)

97 кг – Бақдәулет Әлментай (Шымкент қ.)

125 кг – Олег Болтин (ШҚО) Жазғы Азия ойындары Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтеді.

 Ақпарат көзі: sport.inform.kz

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 шілде 2018 г. 389 0