Екі ғашық, қол ұстасып...

Екі ғашық, қол ұстасып...Жалағаш. Ауданда "Екі ғашық, қол ұстасып" атты ғашықтар сайысы өткізілді. 
Қозы мен Көрпеш, Жібек пен Төлеген, Еңлік пен Кебек, Ақан Сері мен Ақтоқты, Естай мен Қорлан, Ләйлі мен Мәжнүн жұптары болып сайысқа қатысқан мектеп және аграрлы индустриалды колледж командалары сайыс барысында махаббат образын бейнеледі. Тарихта қалған ғашықтар жырынан сұрақтар қойылды. Сайыс қорытындысы бойынша 1 орынды иеленген Қозы Көрпеш пен Баян Сұлу жұбымен шыққан Жалағаш аграрлы-индустриалды колледжінің жастары Әлішер Бақтыбаев және Раушан Елібаева бағалы сыйлық пен Жалағаш кентіндегі "Достар" мейрамханасына кешкі асқа жолдама алды. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2014 г. 1 077 0