Қазалы ауданында жылына 5 мВт күн сәулесінен қуат алатын қондырғы орнату үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда «Global Energy Company» ЖШС басшылығы Әйтеке би кентінде осы қондырғыны орналастыру үшін жер телімін сұрап отыр.
Өткен аптада осы жұмыстарға байланысты Global Energy Company» ЖШС басшысы арнайы ауданымызға келіп, тиісті бөлім басшыларымен кездесу өткізді. Кездесуде серіктестік басшылары шалғай жатқан Қарақұм елді мекені тұрғындарының тоқ қуатын пайдаланып отырған дизельді-генераторлардың орнына күн сәулесінен қуат алып электр қуатын беретін қондырғылар орнатуға өз ұсыныстарын білдірді. Сондай-ақ, қазіргі уақытта аудан көлемінде пайдаланып отырған тұтыну қуаты 250 Вт/сағ. түнгі жарық шамдарын светодиодты шамдарға ауыстыруға байланысты ойларын жеткізді. Светодиодты шамдардың тоқты пайдалану қуаты 40-50 Ват/сағ. Яғни 4-5 есеге дейін тоқ үнемделеді. «Бұл өз кезегінде Елбасының энергия үнемдеу бағытында ұстанып отырған саясатына тиісті үлес қосатындығын жеткізді. Кездесуде аудан әкімінің орынбасары Б.Жарылқап күн сәулесінен қуат алатын қондырғыларды орнату үшін тиісті қолдау жасалатынын, осыған орай Әйтеке би кентінің өндірістік аймағынан қажетті жер телімі берілетінін жеткізді» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.