Ұмытылған кәсіпті ұлықтап жүр

Ұмытылған кәсіпті ұлықтап жүрҚармақшы. Ауданның Ақжар ауылында тұратын Света Бедебаева ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық өнерді ұлықтап жүрген жандардың бірі. Ол ұзақ жылдан бері сол кәсіпті терең меңгеріп, елдің алғысына бөленіп келеді.  
Бүгінгі күндері сол кәсіпті жалғастырып, жұртшылықтың сұранысын қанағаттандырып отыр. Ол 1987 жылдан бастап киіз үйлердің ішін безендіруге арналған басқұр тоқумен айналысады.. Бұл қолөнер түрін Қарақалпақстанға тұрмысқа шыққан кезінде үйренген. Елге оралғаннан кейін қойдың жүнін түтіп, иіріп, оны бояп сұранысқа сәйкес ауылдардан тапсырыс алып отыр.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 сәуір 2014 г. 760 0