Техникалық регламенттердің жаңа тізімдерін талқылады

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қызылорда филиалымен (әрі қарай- РМК «Қаз СтИн»Қызылорда  филиалы) бірлесіп, 039/2016 КО ТР «Минералды тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы» Кеден Одағының техникалық регламентін жүзеге асыру мақсатында жасалған стандарттар тізімінің жобаларын талқылау тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.

Іс-шараға минералды тыңайтқыштарды жергілікті жеткізушілер мен облыстық басқармалар мен ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілердің өкілдері қатысты.

 Техникалық реттеу және метрология комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жетекші маманы Жадыра Бектаева Кеден Одағының «Минералды тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы» техникалық регламентін жүзеге асыру мақсатында жасалған стандарттар тізімінің жобаларымен таныстырып презинтация арқылы таныстырды.

Отырыс барысында «Агрохимсервис С» ЖШС-гі ұнтақтақталған миниралды тыңайтқыштан түйіршіктелген түрін шығару ниеттерін білдіріп, минералды тыңайтқыштарды таңбалау, сақтау және тасымалдау туралы ережесіне департамент мамандары тарапынан түсіндіруге аса көп назар аударылды. Және аталған мекемеден техникалық регламентін жүзеге асыру мақсатында жасалған стандарттар тізіміне ұсыныстар алынды.

РМК «ҚазСтИн» Қызылорда филиалының мамандары нормативтік техникалық құжаттардың мемлекеттік біріңғай қоры туралы, мемлекеттік стандарттау жоспары, сапа менеджменті жөнінде курстық оқулар туралы ақпараттар берді.

"Дөгелек үстелге" қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 шілде 2018 г. 460 0