Астана. Алдағы жылы Қазақстанда бес жүрдек теміржол бағытын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл жөнінде Көлік және коммуникация министрілігінің баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдарына хабарлады.
Ведомство мәлімдемесінде «2014 жылы Астана - Қызылорда, Алматы - Ақтөбе, Алматы - Защита, Астана - Защита және Алматы - Ташкент бағыттарында жүрдек пойыздарды іске қосу жоспарланғаны айтылған. Аталған бағыттардың ашылуы осы өңірлердегі жолаушылар тасымалына деген жоғары сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ әр бағыт бойынша жол жүру уақыты орташа есеппен 1,5-2 есеге дейін қысқармақ» делінген. Қазіргі таңда Астанадан Қызылордаға жолаушылар қазіргідей бір жарыс тәулікте емес бір тәуліктің ішінде жететін болады. Астана-Защита жүрдек пойызы болса Павлодар станциясына аялдайтын болады. Ағымдағы жылы Алматы - Атырау, Астана - Атырау және Астана - Семей бағыттарында жаңа жүрдек пойыздарының іске қосылғанын айтып өту керек. Аталған бағыттар бойынша жол жүру уақыты екі есеге дейін қысқартылды. Барлық пойыздар 27 «Тальго» вагондарынан құралған.