Қызылорда және Түркістан облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қызылорда және Түркістан облыстарында дауыл тұруы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.


Қызылорда облысында 26 шілдеде таңертең және күндіз кей жерлерде солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 23-28 метрге жететін жел соғуы мүмкін. Дауыл тұру қаупі - 95-100%. Түркістан облысында 26 шілде күні кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, солтүстік-шығыстан жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғады деп күтілуде. Дауыл тұру ықтималдылығы 90-95%.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 шілде 2018 г. 788 0