Қармақшы. Ауданда "Қармақшы аудандық ардагерлер кеңесі" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Есімі елге белгілі арулар – мәңгі ел гүлі» атты кездесу кеші болып өтті.
Бұл шара ардагерлерге құрмет көрсету, ұлықтау, ұлағаттау мақсатында ұйымдастырылды. Кездесу кешіне ІІІ және ІІ дәрежелі Еңбек даңқы ордендерінің иегері, СОКП ХХV және Қазақстан Компартиясы ХVІ съездерінің делегаты, Дүр Оңғар ауылының ардагері Бибігүл Әбішова, мәдениет саласының қайраткері, ардагер Үрзахия Махамбетова, ҚР білім саласының үздігі, ардагер Дариха Әмзебекова қатысты. Ардақты жандар жас ұрпаққа ұлағатты әңгімелер айтты.