Болашақ биологтар мен химиктер

Болашақ биологтар мен химиктерШиелі. Республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық "Биолог анықтамалығы", "Химик анықтамалағы" журналдарында жүріп жатқан "Жас биолог-2013" сайысында шиелілік өрендер жүлделі орындардан көрінді.
 Шиелі ауданы Алғабас ауылы №157 Б.Пәрімбетов атындағы қазақ орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларынан құрылған "Алғабас биологтары" С.Балтабаева, А.Мырзабаева, А.Абушахман, Ә.Әлайдаров, Ә.Мұхандар "Ең үздік топ" номинациясы бойынша дипломмен марапатталса, "Ал химик-2013" сайысында да 9-11 сынып оқушыларынан құрылған "Пәрімбетов ізбасарлары" Н.Садуақасова, А.Ағайдаров, Н.Мұстафаева, А.Балғабаева, З.Насыр, Н.Каденовалар ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Олардың жетекшісі – биология пәнінің мұғалімі Маржан Асанбаева. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 сәуір 2014 г. 1 008 0