Құм жуып пайда табады

Құм жуып пайда табадыЖаңақорған. Аудандағы «Сарман-Тастақ-Жаңақорған» ЖШС-гі 2010 жылы құрылды. Мұнда сағатына 20 тонна жуылған құм, 20 тонна қиыршық тас өндіретін қондырғы іске қосылған. 20-дан астам азаматты жұмыспен қамтыған өндіріс орыны қуаттылығы 100 квт электр дизель станциясымен жұмыс істеуде.
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгінгі таңда құрылыс қарқынының өсуіне байланысты бетон құюға кажетті жуылған құмға сұраныста жоғары. Ал аталмыш құм облыс бойынша тек осында ғана өндіріледі екен. Өндіріс директоры Танат Ағманов «өндіріс көлемін үлкейту үшін 54,0 млн теңге көлемінде қаражат керек. Қажетті қаражатты «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында алу үшін құжаттарды дайындап өткіздік. Ұсыныс қабылданған жағдайда өндіріс орынының жанынан келешекте басқа өндіріс орындары ашылады деп күтілуде. Сонымен қатар біршама аудан азаматтары жұмыспен қамтылатын болады»,- дейді өз сөзінде.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 сәуір 2014 г. 1 687 0