Қызылордалықтар Астанада жәрмеңке өткізеді

Қызылордалықтар Астанада жәрмеңке өткізедіАстана. Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, осы аптаның демалыс күндерінде Астананың орталық алаңында қалалық әкімдіктің алдында жыл сайынғы ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өткізілед. Онда Қостанай және Қызылорда облыстары өз өнімдерін ұсынады.
Сыр өңірінің 7 ауданы мен Қызылорда қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жалпы құны 106 млн. теңгелік 590 тонна өнім сатуға қояды деп күтілуде. Соның ішінде, 8,5 тонна қой еті, 28,2 тонна сиыр еті, 10,5 тонна жылқы еті, 2 тонна құс еті, 60 тонна балық, 22 тонна сүт тағамдары, 120 тонна күріш, 82 тонна картоп, 145 тонна көкөніс, 9 тонна жеміс-жидек, 45 тоннадан қарбыз бен қауын т.б. тауарлар жеткізіледі. Сонымен қатар, жәрмеңке алаңына 5 киіз үй тігіліп, елорда тұрғындары мен қонақтарына ұлттық тағамдар ұсынылады.
Айта кетейік, жәрмеңкеде тауарлардың құны базардағы бағалардан 10-20 пайыз төмен болады. Бұдан басқа, халықтың сатып алу қабілеттілігін арттыру үшін қалалық алаңда жәрмеңке кезінде көркемсурет, жылқы шаруашылығы көрмесі, сондай-ақ, Қостанай және Қызылорда облыстарының көркем өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қазан 2013 г. 1 183 0