Денис Тенді пышақтап кетті

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тенді Алматыда пышақтап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Әлішер Елікбаев хабарлады.
"Бұл нақты мәлімет, бірақ мән-жайын білмеймін", - деді ол. Қазіргі уақытта спортшы жансақтау бөлімінде жатыр. Оқиға бейсенбіде түскі уақытта Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Ол Орталық қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.
Денист Тен - ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 2014 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 шілде 2018 г. 867 0