« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Р.Қайрақбаев, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Е.Әлішеров, облыстық ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Н.Ибрагимов «Жазғы кезеңдегі тұрмыстық және табиғи өрттің алдын алу мен оны болдырмау» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді.
«2018 жылдың І жартыжылдығында облыс бойынша 223 өрт оқиғасы орын алды (2017 ж. - 269 өрт), 17%-ке азайды. Өрт оқиғасы кезінде 4 адам қаза болған, 4 адам әр түрлі деңгейде жарақат алған. Бүгінгі күнге дейін өрттің орын алуына жол берген 63 адамға әкімшілік шара көрілді. 28 129 тұрғын сектордың 129 506 тұрғынына өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Жеке кәсіпкерлік субъектілері өкілдерінің қатысуымен 10 дөңгелек үстел өткізілді. Облыс көлемінде мектептерде өрт қауіпсіздігін насихаттау тақырыбында 5 интерактивтік сабақ өткізілді. Сабаққа 214 мектептің 8 061 оқушысы қатысты», - деді Р.Қайрақбаев.
Баспасөз мәслихаты барысында өрттің алдын алу үшін облыстың барша тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтауы қажеттігі, әсіресе балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде атап өтілді.
Айгүл Нұрманова,
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының
бас маманы
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |