«Мәді қажы» егіске дайындалуда

«Мәді қажы» егіске дайындалудаСырдария. Шіркейлі ауылындағы "Мәді қажы" ЖШС-гі елдің әлеуметтік жағдайын жақсартуға сүбелі үлес қосып отыр. Аудан көлемінде күріштен мол өнім алып жүрген "Мәді Қажы" ЖШС-гі көктемгі дала егістеріне кірісіп кеткен. 
Жыл сайын 55-60 центнерден өнім алатын серіктестік биылғы жылы 2500 гектар жерге күріш егеді. "Янтарь", "Лидер" күріш тұқымдары тазаланып, егіске дайын тұр. Егілетін тұқым былтырдан арнайы сақталған. Егін шаруашылығымен қатар мал азығына да ерекше көңіл бөлінуде. 300 гектар жерге жоңышқа егіліп қойған. Ендігі жерде 470 гектарға ескі жоңышқа тұқымы егіледі деп жоспарлануда. Жердің құнарлылығын арттыру және күріштің ауруларға төтеп беруіне қажетті тыңайтқыштар да жеткілікті түсірілген.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 сәуір 2014 г. 941 0