Арал. Елімізде бұқаралық спорт пен дене шынықтыру қозғалысы - мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі болып табылады.
Жыл басынан бері ауданның жас спортшылары біршама жетістіктерге қол жеткізіп үлгерді. Қазақстан Республикасының ресми (ҚР чемпионаттары мен біріншіліктері) жарыстарында аудан спортшылары 7 медальға ие болған екен. Оның 4 алтын, 1 күміс, 2 қола.