Арал. Облыс бойынша салық департаментінің бастамасымен облысымызда «Халық пен салық қызметі көлеңкелі экономикаға қарсы!» атты 3 айлық акция бастау алды.
Аталмыш акция аясында Арал қаласының орталық алаңында флешмоб ұйымдастырылып, көлеңкелі экномиканың алдын алу мақсатында тұрғындарға үнпарақтар таратылды. Акция «Қанағат» коммуналдық базарында жалғасын тапты. Сонымен қатар «Патриот бол – чек талап ет!» деген ұранмен сауда нүктелеріне ақпараттық үнпарақтар таратылып, арнайы мамандар салық төлеу міндеттерін түсіндіру жұмыстарын жүргізді.