Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен аудан орталығында «Кәсіпкерлікті дамыту және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау» және «Жылжымалы экомәдениет» акциялары аясында шараға қатысушы қонақтар аумағы 22 га құрайтын "Серпін" өндірістік аймағында орналасқан жылыжай кешені жұмысымен, "Ақ-селеу" қоғамдық моншасы, "Ақжол" қонақ үйінің жұмыстарымен танысып өтті.
Айта кету керек, құны 250 млн теңге құрайтын 3 кешендік жылыжайдың 1 кешені 2012 жылы іске қосылды. Қазіргі таңда кешенде 8 адам жұмыс жасайды. 3 кешен толық іске қосылғанда 150 адам жұмыспен қамтылмақ. Жылына 3 айналымда 60 т өнім алынып отыр. Бұл жобаны "ШНС" ЖШС жүзеге асыруда.
Шара барысында өңірлік кәсіпкерлік палатасының директоры Дінмұхамед Абсаттаров Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылу мақсаты-міндеттері, «Кәсіпкерлік қызметтің дамуына қажетті жағдайларды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» Елбасы жарлығы туралы баяндама жасады.