Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек

Мүмкіндігі шектеулі жандарға көмекАрал. ҚР Үкіметінің «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына» сәйкес, Арал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі – ағымдағы жылы 80 қартқа және 134 мүмкіндігі шектеулі балаға қызмет көрсетуде. 
Аудан әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мүгедектерді оңалту бағдарламасына сәйкес 2014 жылдың 3 айында мүгедектерге: протездік-ортопедиялық көмек– 37 адамға, тифлотехникалық құралдар– 19 адамға, сурдотехникалық құралдар– 6 адамға, кресло-арбалар – 8 адамға; міндетті гигиеналық құралдар - 241 мүгедек азаматтарға таратылды. Үйде тәрбиеленіп оқуға 58 мүгедек бала қамтылған. Сонымен қатар Қызылорда қаласындағы «Талсуат-мүгедектерді оңалту орталығына» ем алуға 21 қарт және 2 мүгедек азамат жіберілді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 сәуір 2014 г. 1 176 0