« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жаңа ипотекалық бағдарлама өткен айдың басында іске қосылды. ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышевке “7-20-25” бағдарламасы туралы халыққа ақпарат беріп отыруды тапсырды, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Айта кетсек, мемлекет басшысы ұсынған “7-20-25” бағдарламасы маусым айының басында іске қосылды. Бағдарлама шартына сәйкес, бастапқы жарна – 20 процент, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 7 проценттен аспайды, ал ипотекалық несие 25 жылға беріледі.
“Бағдарлама нысаналы мемлекеттік қаржыландыруды талап етпейді және қор нарығында ұзақ мерзімді ресурстарды тарту есебінен жүзеге асырылады. Бағдарлама аясында алғашқы қарыздар беріле бастады”, — деді ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев үкімет отырысында.
Үкімет басшысы Ақышевке БАҚ-қа ипотекалық несиелер туралы ақпаратты ұсынып отыруды тапсырды.
“Алғашқы кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарына қажетті мәліметті беріп отыруыңызды сұраймын. Өйткені бәрі бағдарламаның қалай жүріп жатқанын қарап отыр”, — деді Сағынтаев.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |