« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, еңбекақы қалыпты қарқынмен өсіп жатыр. Осы жылдың қаңтар-мамырындағы жағдай бойынша қазақстандықтардың орташа айлық еңбекақысы 152,8 мың теңгені құрады. Бұл туралы бүгін ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, – деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министр Қазақстанда бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша еңбекақы қалыпты қарқынмен өсіп жатқанын атап өтті.
“Осы жылдың қаңтар-мамырындағы орташа айлық еңбекақы 152,8 мың теңгені құрады және нақты мәнде 0,8 процентке өсті. Қаңтар-сәуірде нақты ақшалай кірістер 1,2 процентке өсті”, — деді Сүлейменов үкімет отырысында.
Сондай-ақ, ол экономикалық қызметтің барлық дерлік сегментінде оң серпін байқалып отырғанын айтты.
“Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің өсімі 4,1 процентті құрады. Инфляция біртіндеп азайып келе жатыр және соңғы үш жылдағы ең төмен мәнге жетті. Жыл басынан бері ол 2,6 процентті құрады, ал жылдық инфляция – 5,9%. Инфляцияның барлық компоненті бойынша баға өсімі бәсеңдегені байқалады”, — деді министр.
“Биыл 1 маусымындағы жағдай бойынша елдің халықаралық резервтері 0,9%-ке ұлғайып, 89,9 миллиард АҚШ долларына дейін жетті. Ұлттық қордың активтері 1,5 процентке өсті”, — деп түйіндеді Сүлейменов.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |