« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
7 шілде күні Астанада өтетін Шүменов - Алтункая бокс кешіне қатысушылардың аты-жөні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» СС-ға сілтеме жасап.
Бірінші орта салмақта WBA (Regular) тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулы үшін өтетін басты жекпе-жекте қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбіт Шүменов (17-2-0, 11КО) пен түркиялық Хизни Алтункая (30-1-0, 17КО) шаршы алаңға шығады.
Сондай-ақ екінші орта салмақта - Айдос Ербосынұлы (7-0-0, 6КО, Қазақстан) пен Исмат Эйнуллаев (13-3-0, 9 КО, Әзербайжан); бірінші ауыр салмақта Уәлихан Бисенқұлов (5-0-0, 5КО, Қазақстан) пен Анар Абуллаев (2-2-0, 2КО, Әзербайжан); бірінші орта салмақта Бауыржан Момынов (6-0-0, 5КО, Қазақстан) пен Георгий Блиадзе (7-6-0, 2КО, Грузия); бірінші ауыр салмақта Али Балоев (4-0-0, 3КО, Қазақстан) пен Казим Умудов (2-0-0, 1КО, Әзербайджан); екінші өте жеңіл салмақта Айдын Елжанов (4-1-0, 3КО, Қазақстан) пен Аскар Рагимов (2-1-0, 1КО, Әзербайжан); екінші орта салмақта Арман Рысбек (3-0-0, 2КО, Қазақстан) пен Сандро Терашвили (4-1-0, 2КО, Грузия); Диас Тастеміров (2-0-0, 2КО, Қазақстан) пен Эльвин Ахунзада (4-0-0, 2КО, Әзербайжан); бірінші ауыр салмақта Еділ Қожамбердиев (3-2-0, 3КО, Қазақстан) пен Сергей Белошапкин (11-27-1, 3КО, Ресей); екінші орта салмақта Ибрагим Ескендір (3-0-0, 3КО, Қазақстан) мен Серік Әжібаев (0-1-0, Ресей); екінші жартылай жеңіл салмақта Мейіржан Рақымжанов (дебют, Қазақстан) пен Александр Салтыков (11-48-3, 6КО, Ресей) өзара мықтыны анықтайды.
Еске сала кетейік, Бейбіт Шүменов - Хизни Алтункая бокс кеші Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді. Шараны «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары эфирден көрсетеді.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |