Сөз өнерінің шебері

Сөз өнерінің шеберіҚазалы. Биыл ауданда Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері, Халықаралық «Лев Толстой» және «Ел ардақтысы» медальдерінің иегері, Қазалы ауданының Құрметті азаматы, жазушы-публицист Әлмәмбет Әлішевтің 75 жылдық мерейтойы аталып өтуде.
Осыған орай  Ү. Түктібаев ауылында «Қаламгердің көркемдік әлемі» атты әдеби-танымдық кеш болып өтті. Танымдық шараның мазмұнын аша түсу үшін кеш кейіпкерінің өмірі мен шығармашылығына арналған «Қара сөздің мшебері» атты тақырыпта кітап көрмесі халық назарына ұсынылды. Сондай-ақ,  «Сөз өнерінің шебері» атты жазушының шығармаларына библиографиялық шолу жасалды.
Әлмәмбет Әлішев – қазақ әдебиеті тарихына ХХ ғасырдың 60-шы жылдары көркем шығармаларымен қосылып, оқырмандар ыстық ықыласпен қабылдаған танымал жазушы. ХХ ғасырдың 70-90 жылдары және қазіргі ХХІ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті дамуының шығармашылық кезеңдерінде өзінің әңгімелерімен, повестерімен, романдарымен сөз өнерінің эстетикалық тағылымын оқырмандарына таныта білді. Оның «Үрмәш Түктібаев», «Батыр болып тумайды», «Ат тұяғын тай басар» повестері мен «Бәйтеректің бұтағы», «Иірім» романдары және «Ой орамдары» әдеби-философиялық толғаулары, эсселері қазіргі қазақ әдебиеті дамуындағы елеулі туындылардың бірі. Ол жазушылықпен қатар журналистикамен де айналысып келеді. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 сәуір 2014 г. 1 087 0