Шиеліде 607 түлек ҰБТ тапсырады

Шиелі. Ауданда ҰБТ мәселесі бойынша мектеп директорларымен өткізілген жиналыс болып өтті.
Онда аудан әкімі Мұрат Ергешбаев "Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысатын мектеп оқушыларымен жеке-жеке жұмыс жасалуы тиіс. Әсіресе байқау тесттерінде балалардың төмен бал жинап қалған пәндері бойынша білікті мұғалімдердің көмегімен қатемен жұмыс жүргізілуі керек" – деді. Жиын барысында әр мектеп диекторымен ҰБТ дайындық барысы туралы жекелей талқыланып, аудандық білім бөлімі тарапынан межелік баллдар бекітіліп, бақылауға алынды. Ауданымызда ҰБТ-ке қатысуға бүгінгі таңға ұсыныс білдірген 607 оқушының ішінен "Алтын белгіге" - 29, "Үздік аттестатқа" - 17 үміткеріміз ниет білдіруде.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 10 сәуір 2014 г. 796 0