Бүгін «Жаңа қоныс» комедиясының премьерасы болады

 Құрметті қызылордалықтар және қала қонақтары! 
Бүгін, 27 маусым күні сағат 19.00-де Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында Ұ.Қылышбаева мен А.Оразалының «Жаңа қоныс» комедиясының премьерасы өтеді. Қойылым Қызылорда қаласының 200 жылдығы мен Астана қаласының 20 жылдығына арналған. Көтеріңкі көңіл-күйге бөлеп, әсем ән мен жыр сыйлайтын комедиялық көріністерді жіберіп алмаңыз!
Билет үлкендерге - 500, студенттерге - 400, оқушыларға - 300 теңге. Билетті театр кассасынан және "Тикетон" онлайн кассасынан сатып алуға болады.

Театрдың ақпарат бөлімі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 27 маусым 2018 г. 611 0