« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қазақ әншісі Димаш Құдайберген Азия-Тынық мұхит аймағының ең танымал әртістерінің тізімінде тағы да көш бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы өзінің Инстаграм парақшасында әншінің әкесі Қанат Айтбаев жазды.
«Димаш Азия-Тынық мұхит аймағының ең танымал әртістерінің тізімінде бірінші орынды сақтап қалды. Тізімде тек әншілер ғана емес, кино актерлары, Оңтүстік Корея, Жапония, Тайланд және өзге де елдердің барлық жанрдағы әртістері бар», - деп жазды Қанат Айтбаев.
Еске сала кетсек, өткен жылдың наурыз айында да Димаш Құдайберген Азияның ең танымал әншісі аталымы бойынша марапатталған болатын. Әншіге номинация 24-кезекті «China Top music Awards» шарасында, Қытайдың Шанхай қаласындағы Mercedes Benz Arena-сында табысталған еді. Кеште Димаш өзін барша әлемге танымал болуына себепкер, әлемде ең қиын бес әннің бірі саналатын француздың «SOS d'un terrien endétresse» әнін шырқаған.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |