Мәдени мұра қайта жаңғыртылды

Мәдени мұра қайта жаңғыртылдыЖалағаш. Ауданда мәдени мұраларды қорғау бағытында игілікті істер жүзеге асырылып келеді. Осының нәтижесінде биыл Сыр өңiрi жұртшылығы жақсы білетін Мәмбет әулиенiң ұстаханасына жаңғырту шаралары жүргізілді. Ұстахана айналасы темiр шарбақпен қоршалды. Үй тамы жаңадан салынды. Оған алып баратын жолға асфальт төселдi.
Осыған орай ауданға қарасты Қаракеткен ауылында арнайы шара өткізілді. Жергілікті тұрғындар Мәмбет әулиенiң жолын жалғастырған Ешпан ұстаның бюстiн ашу рәсiмiне қатысты. Мәмбет әулиеге туысқан болып келетінi М.Исаев ұстаның құрал-саймандарын табыс еттi. Олар алдағы уақытта мұражайға қойылады. Мәдени мұраны түгендеу бағытында жүзеге асқан игiлiктi iске ұйытқы болған мекемелер мен шаруашылықтарға, азаматтарға Мәмбет әулие қорының «Алғыс хаты» табыс етілді. Сонымен қатар, жиналған жұртшылыққа «Мәмбет әулие» кiтабы ұсынылды. Аталмыш шара соңынан ардақты азаматқа арналы ас берiлiп, құран бағышталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қазан 2013 г. 1 094 0