Серіктестік өнімдеріне сұраныс зор

Серіктестік өнімдеріне сұраныс зорҚазалы. Бетон бұйымдарын шығаратын «МО-1» ЖШС-ның Қазалы филиалының өнімдері қазір Қазақстанға белгілі ұжымның бірі саналады. Өз кәсібін жетік білетін білікті маман Сәбит Өтегенов басқаратын ұжым сапалы өнім шығару арқылы алыс-жақынға атағы жайылды. 
Серіктестік мүшелері бүгінгі таңда «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізін салушыларға өз өнімдерін ұсынып отыр. Олар 500 миллион теңгенің 8300 текшеметр бетон және бетоннан жасалған дүниелерді жасап берді. Қос құрлықтың арасын жалғаған халықаралық тасжолдың Қазалы ауданы аумағындағы бөлігін салып жатқан компаниялар серіктестіктің 257 миллион теңгенің 430 текше метр өніміне тапсырыс беріп, өздерінің қажеттеріне жаратты. Осылайша жергілікті серіктестік халықаралық көлік дәлізінің құрылысына өз үлестерін қосып келеді.  

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қазан 2013 г. 1 057 0