Сырдария. Шымкент қаласында жастар мен жасөспірімдер арасында қол күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті.
Бұл жарысқа 14 облыстан және Астана, Алматы қалаларынан 350 спортшы өз бақтарын сынады. Жолбарыстай қайратына сеніп барған республикалық сайыстан жастар арасындағы қыздар қол күресі бойынша Гүлсара Әуезова қола жүлдемен оралды. Екі жылдан бері қол күреспен айналысатын Гүлсара аудан бойынша қол күрестен жүлде алған қыздардың алғашқысы болды. №35 Иса Тоқтыбаев атындағы орта мектептің түлегі аса ауыр салмақта (+80 кг) өнер көрсеткен. Ауданның атын шығарып жүрген жас өрен қазір "Болашақ" университетінде білім алады.