Алдағы үш күнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

  Синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды  Қазгидромет.
«Бірінен кейін бірі келетін циклондар мен онымен байланысты атмосфералық ауа ағындары салдарынан республиканың көптеген облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды және жылдамдығы 15-20 м/с болатын жел тұрып, оңтүстікте шаңды дауыл болуы ықтимал», - делінген синоптиктердің болжамында.  
Ауа температурасы солтүстік өңірлерде нормадан 1-3 градус төмен, ал қалған аумақтарда 3-5 градус жоғары болады. 




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 маусым 2018 г. 539 0