« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында құбылмалы ауа райы сақталады. Тек оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл болады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жерлерде және күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.
Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы 23 м/с күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысыннда сондай-ақ шаңды дауыл күтіледі.
Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында найзағай ойнайды, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.
Күндіз Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз Қостанай облысында найзағай күтіледі.
Сондай-ақ синоптиктердің хабарлауынша, Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |