| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың (6-0, 5 КО) кезекті айқасы өтетін уақыт белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.
Отандасымыз 23 маусым күні Лос-Анджелестегі (Калифорния штаты) Belasco Theater аренасында мексикалық Хосуэ Обандомен (16-20-1, 12 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек 6 раундқа есептелген.
Айта кетейік, осы кештің аясында Қанат Исламның мексикалық Фернандо Каркамомен жекпе-жегі өтуі тиіс еді. Алайда жерлесіміздің аяғын жарақаттап алуына байланысты кездесуден бас тартуға тура келді.
Шоу ұйымдастырушысы - Golden Boy промоутерлік компаниясы. Кештен ESPN2 телеарнасы тікелей эфир арқылы хабар тарататын болады.
Нұрсұлтанов пен Исламның кәсіпқой бокстағы істерімен танымал менеджер Эгис Климас айналысады.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |