| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам кезекті айқасына дайындық кезінде аяғынан жарақат алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы боксшы ҚазАқпарат тілшісіне берген шағын сұхбатында мәлім етті.
«АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиындары кезінде аяғымнан жарақат алып қалдым. Негізі, кезекті кездесуім 23 маусым күні өтуі тиіс еді. Қарсыласым да белгілі болған. Өкінішке қарай бұл жекпе-жекті жанкүйерлерім көре алмайтын болды. Енді, толық жарақатымнан айығып алғаннан кейін рингке қайта ораламын. Бұйырса, екі ай көлемінде сауығып кетермін. Жанашыр жанкүйерлерім менің жекпе-жегімді асыға күтіп жүргенін жақсы білемін», - деді Қанат Ислам.
Естеріңізге сала кетейік, 23 маусым күні Қанат Ислам 27 жастағы мексикалық Фернандо Каркамомен (23-8, 18 КО) шаршы алаңға шығуы тиіс болатын. Жекпе-жек Лос-Анджелестегі (АҚШ, Калифорния штаты) Belasco Theatre ойын-сауық кешенінде өтеді және ол он раундқа созылады деп жоспарланған.
Енді Қанат Исламның жарақат алуына байланысты бұл жекпе-жек өтпейтін болды.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |