« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннді (38-0-1, 34 КО) әлем чемпионы атағынан айырды, деп хабарлайды Sports.kz.
22 мамырда Спрингфилдте (АҚШ, Нью-Джерси штаты) өткен тыңдалымға Головкин және IBF бекіткен оның міндетті қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) сонымен қатар екі спортшының командасы қатысты.
IBF комиссиясы екі тарапты да тыңдап шықты. Ол бүгін Геннадийді IBF белдігінен айыру жөнінде шешім қабылдады. Өйткені ол 3 тамызға шейін Деревянченкомен кездесуден бас тартты.
Еске сала кетсек, Головкин екінші мәрте мексикалық Саул Альвареспен (49-1-2, 34 КО) айқасуы керек болған. Алайда келіссөздер қаржы келіспеушілігіне байланысты тығырыққа тірелді. Сонымен қатар қазақстандық WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен (26-0, 12 КО) кездесу жөнінде жоспар болды. Алайда ол 23 маусымда титулын қорғау үшін Мартин Мюррейге қарсы шығудан бас тартты.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |