«Көкнәр-2018» жедел профилактикалық іс-шарасы басталды

Қызылорда облысында «Дельта-Сырдария» арнайы бөлінісі мен республикадағы үздік мамандар және озық арнайы техникалардың тартылуымен ағымдағы жылдың маусым-қазан айлары аралығында «Көкнәр-2018» кең көлемді жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Іс-шараның  мақсаты – құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіп-баптаудың алдын алу,  героин трафигін жою, сондай-ақ есірткі, оның ішінде жаңа түрлерін таратумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қою.

«Көкнәр-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасы республика көлемінде «Дельта-Сырдария» арнайы бөлінісі мен Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, «Бүркіт» арнайы жасағы, жергілікті полиция қызметі, кинологиялық қызмет орталығы, көші-қон полициясы және т.б. қызметкерлерінің қатысуымен өткізіледі.

Барлық аудандарда жедел-іздестіру топтары құрылып, жергілікті атқарушы органдармен меморандум жасалды, жылжымалы мобильді бекетпен, қажетті техникалық құралдармен жасақталып, тікұшақтар жұмылдырылды. Барлық үйлестіру шаралары қабылданып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.  

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 маусым 2018 г. 548 0