Қазалыда сенбілік өткізілді

Қазалыда сенбілік өткізілді Қазалы. Ауданда сенбілік өткізілді. Қала тұрғындарынан барлығы 276 адам қатысып, соның нәтижесінде күл-қоқыстар тазартылып арнайы орынға шығарылды.
Сенбілік барысында 23 мекеме қатысып, көшелердегі өздеріне бөлінген арықтарының ішіндегі күл-қоқыстарын тазалап, жинау жұмыстары жүргізілді. Мекемелердің ауласына және жеке тұрғындар өздерінің аулалары мен үй іргелік су жүретін арықтарға 267 түп қаламшалар мен көшеттер егіліп, күтімге алынып 351 метр аяқ су арықтарын күл қоқыстардан тазартылып, 113 үйлермен ғимараттар әктелді.
Сонымен қатар, Қазалы қаласы бойынша жеке тұрғындардың үйінің жанына және көшенің бойына тұрмыстық қалдықтар мен түрлі күл-қоқыстарды төккен 62 тұрғынға арнайы ескертпе қағаздары таратып, 7 азаматқа әкімшілік шараға тартылды. Алдағы уақытта, кестеге сәйкес кезек-кезегімен барлық нысандар, көшелер, скверлер, жаяу жүргіншілер жолдары тазалау жопарлануда. «Қаланы көгалдандыру мақсатында парктер мен скверлерге, көшелерге саялы ағаштар мен қаламшалар отырғызу, жаңадан Ерлепесов пен Мұратбаев көшелерінде 800 шаршы метр жер қоршап, тал егу жұмыстары жүргізілу жоспарлануда. Аяқ су жүрмеген көшелерге арықтарын қазу жұмыстарын жүргізіп, насостарды жөндеп, қаланың үш бағытына мамыр айынан бастап аяқ су беру жоспарлануда» деп хабарлайды аудан әкімдігі баспасөз қызметі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 сәуір 2014 г. 1 003 0