Жалағаш кентінде орналасқан №202 орта мектепте үстіміздегі жылдың ақпан айында ашылып, жас жеткіншектердің мол қызығушылығына ие болып отырған қосымша білім беру орталығының бірі - «Құммен бейнелеу және мүсін өнері» үйірмесі.
Жас талғамайтын тамаша өнер түрінен қазірдің өзінде 1-9 сынып оқушыларынан 48 жеткіншек дәріс алуда. «Мұндай ерекше өнердің түрі арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеті артып, ой жиегі дамиды. Саусақтарының епті болуына да әсері мол. Жүрекпен сезінетін өнердің тұнығына бойлау үшін ең алдымен жүрек қалауы қажет. Мұнан соң мол ынтаны талап қылады. Еңбектену, қолды жаттықтыру арқылы, күнделікті жұмыс жасау арқылы ғана үлкен жетістіктерге жетуге болады», - дейді осы үйірменің жетекшісі, жас маман Жасұлан Бекмолдаев.