« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Вьетнамда өткен халықаралық байқаудың («Miss Universe Beauty») «Missis World-2018» (2018 жылғы әлем миссисі) аталымы бойынша жеңімпаз, үш баланың анасы Сәния Шәкірова жол апатында қаза тапты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат қырғызстандық БАҚ-тарға сілтеме жасап.
«2 маусым сағат кешкі 21.00-дер шамасында 1987 жылы дүниеге келген такси жүргізушісі Ч.К. «Равон-3 маркалы көлігімен батысқа қарай бара жатып Шоқтал ауылына таяу жерде жолдан шығып кетіп, жол шетіндегі кедергіге соғылған.
Салдарынан 38 жасар Бішкек тұрғыны С.Р. Чолпон-Ата клиникасына жеткізілген. Екінші жолаушы - Шу облысының тұрғыны С.М. алған ауыр жарақаттардың кесірінен оқиға орнында көз жұмған. Таксидің жүргізушісі ота жасауға Бішкек қаласындағы №4 қалалық ауруханаға жеткізілді», деп жазады akipress.org.
Автокөлік айыппұл тұрағына жеткізілді, тергеу амалдары басталып кетті.
Кейбір деректер бойынша, қаза тапқан Сәния Мәмбеталиева (Шәкірова) - 2018 жылы Вьетнамда өткен «Miss Universe Beauty» арулар байқауында «Missis World-2018» аталымы бойынша жеңімпаз атанған.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |