
Т
анымал британдық Daily Mail басылымы Билли Джо Сондерстің Мартин Мюрреймен айқасы өтпейтіндіктен, Геннадий Головкинмен немесе Салуь Альвареспен кездесуі мүмкін деп есептейді. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.«WBO белбеуі бар Сондерс қарсылассыз қалды. Егер Сондерс Головкинмен айқасса, жекпе-жек Англияның футбол стадионында - Лондондағы Олимпиада стадионында өтетін шығар. Головкинге міндетті үміткерлермен жұдырықтасу қажет, ал «Канелоның» ешқандай міндеті жоқ. Ол Сондерсті чемпиондық белбеуге жетудің ең қысқа жол ретінде қарастырып жатыр. Лас-Вегас және T-Mobile Arena - бұл айқас үшін ең тиімді орын», - деп жазды Daily Mail. Еске салайық, Головкин WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Сондерс - WBO белбеуінің иегері. Головкин мен «Канелоның» қыркүйектегі рематчы қаржылық келіспеушіліктерге байланысты тоқтап тұр.