Арал. Аудан әкімдігінің қаулысымен 25 наурыз -25 мамыр аралығында көркейту көгалдандыру және санитарлық тазалау айлығын өткізу жөніндегі іс-шаралар басталып кетті.
Аудан әкімі Мархабат Жайымбетов қаладағы Әбілқайыр хан көшесінің бойында орналасқан аудандық орталық мешіттің ауласына ағаш отырғызды. Аулаға 200 түп ағаш отырғызылды. Қалаға кіре беріс темір жолдың бойындағы арық-атыздары тазаланып, күл-қоқыс пен қалдық заттарды жиналып, қарқынды түрде тазалық жүргізілді. Сенбілікке қаладағы 5 мөлтек ауданнан және кент ауылдық округтер мен елді мекендерден мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және жеке кәсіпкерлік нысандарының қызметкерлері белсене қатысты.