| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
УЕФА-ның ресми сайтында 2017/2018 жылғы маусымның қорытындысы бойынша клубтық турнирлердің рейтингі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР футбол федерациясынан мәлім еткендей, Қазақстан Норвегия, Словакия және Венгрия елдерінің қауымдастықтарын басып озып, 28-орынды иеленді.
Біздің клубтардың жалпы жинаған ұпайы - 18.125.
2016/2017 жылғы маусымның қорытындысы бойынша Қазақстан 15.250 ұпаймен 29-орынға орналасқан еді.
«Астана» футбол клубы Еуропа Лигасының топтық кезеңінде 21.750 ұпай жинап, УЕФА-ның клубтық рейтингінде 67-орынға жайғасты. 2016/2017 жылдың қорытындысы бойынша елордалық клуб 51 сатыға төмен болған еді - 118-орын (13.750 ұпай).
Айта кетейік, коэффициент елдің барлық клубтарының Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасының соңғы бес маусымдағы нәтижелерінің негізінде құралады.
| « Қараша 2025 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |