Жастар сенбілікке шықты

Жастар сенбілікке шықтыҚармақшы. Аудан жастары қай кезде де туған жердің әлеуетінің өсіп-өркендеуіне өздерінің сүбелі үлестерін қосып келе жатқаны айқын. Жастар қай салада болмасын өздерінің белсенділіктерін танытып келеді.
Оған айғақ, жуырда аудан әкімінің жариялаған көктемгі-көркейту көгалдандыру және санитарлық тазалықтың екі айлығы басталысымен аудан жастары арасында өздерінің белсенділіктерімен танылып жүрген Талант Әлиев, Бауыржан Ордабайұлы, Нұрлыбек Өтегенов, Марат Жылқыбаев сынды азаматтардың бастамасымен, Шоқан Уәлиханов атындағы №26 орта мектепті 2008-2012 жылдар аралығында тәмамдаған жастардың қатысуымен «Марал ишан» мешітінің ауласына сенбілік жұмыстары жүргізілді. Жастар мешіт айналасын күл-қоқыстан тазалап, арықтарды аршып, талдарды әктеді. 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 сәуір 2014 г. 1 144 0