Синоптиктер сенбідегі Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты
26 мамыр, сенбі күнгі метеорологиялық жағдайлар Қазақстанның 1 қаласында атмосферада ластаушы заттардың шоғырлануына ықпал етеді, - деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасай отырып. Синоптиктердің мәліметтеріне қарағанда, жайсыз метеорологиялық жағдайлар Шымкент қаласында қалыптасуы мүмкін. ҚМЖ - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді метеорологиялық факторлардың (тымық, жеңіл жел, тұман, инверсия) үйлесімі. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.