Жалағашта жұмыс орындары ашылды

Жалағашта жұмыс орындары ашылдыЖалағаш. Аудан бойынша 2014 жылдың 2 айында 66 жаңа жұмыс орындары ашылып, 101 адам түрлі жұмыстарға орналастырылды.
Үстіміздегі жылдың 2 айында ауданда 1451 шағын кәсіпкерлік субьектілері тіркелген. Бұл шағын кәсіпкерлік субъектілерінде 6454 адам жұмыс істейді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлер саны 66-ға, ал жұмыс істейтін адамдар саны 68 адамға өскен. Өндірілген өнім 126,1 млн теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 106,5 пайыз. Бюджетке түскен түсім 7,7 млн. теңге, өткен жылмен салыстырғанда 108,4 пайыз болды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 сәуір 2014 г. 694 0