
Халық көп шоғырланатын орындардың бірі "Атамекен" сауда орталығында "Туған жер" қоғамдық қозғалысы" Қауымдастығы облыстық ішкі саясат басқармасының әлеуметтік мемлекеттік тапсырысы аясында кезекті тегін құқықтық кеңес беру іс-шарасын ұйымдастырды.
Оған ҚІІБ Жергілікті полиция қызметінің инспекторы Нұржан Сәбит, аймақтық инспектор, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры аймақтық филиалының қызметкері Айдос Көптілеуов, "Тұрғын-үй құрылыс жинақ банкінің" аймақтық филиалының менеджері Мырзайым Махатаева, Қауымдастық заңгері мен "Атамекен" сауда орталығының қызметкерлері қатысты. Мақсаты - тұрғындарға оларды толғандырған сұрақтар бойынша құқықтық кеңес беру, мемлекеттік бағдарламалар бойынша ақпарат беру.