Арал. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Арал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен алғашқы рет қолдобынан (гандбол) әйелдер арасында облыс біріншілігі өткізілуде.
Бұл шара Арал қаласындағы спорттық сауықтыру кешенінде 1-5 сәуір аралығында болады. Жарысқа облыстың барлық аудандары және «Сейхун КАМ КГУ» командасы қатысуда. «Сейхун КАМ КГУ» командасын ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы В. Ч. Ким және О. Ю Егунова бастап келді. Біріншіліктің алғашқы ойынында «Сейхун КАМ КГУ» мен Жалағаш ауданының командалары кездесті.